Хабарландыру!

Бүгінгі Астана қаласы – тәуелсіз Қазақстанның Елордасы, Отанымыздың жүрегі. Елімізде аталып өтілетін ең маңызды мерекелердің бірі — 6 шілде Астана күніне орай Ғылыми кітапханада «Еңсесі биік Елорда» атты көрмесін ұйымдастырылды. Кітап көрменің басты мақсаты: оқырмандардың Елорда — Астана жайлы білімдерін шыңдап, оның қалыптасу тарихымен таныстыру, ой-өрістерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, Елбасымызға деген құрмет сезімдерін тереңдету. Болашақ ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрмеге бас шаһардың тарихы, өткені, осы күні мен болашағы жайлы, экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуы туралы газет, журналдарға шыққан мақалалар және Астананың көрікті жерлеріне арналған көркемсуретті әдебиеттер ұсынылды. Қаланың бас архитекторы Н.Назарбаев. Елбасының есімі берілген қаланың дамуындағы оның рөлі экспозицияларда көрініс табады.

Көрмені тамашалауға университетіміздің қызметкерлері мен жоғарғы курс студенттері келіп, өз пікірлерімен бөлісті.

Анықтама-библиография бөлімі