Жаңалықтар!

2021 жылдың 9 — 14 қыркүйек күндері С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің медицина ғылымдарының докторы, профессор, эпидемиолог-ғалым Әміреев Сәкен Әмірұлының мезгілсіз қайтыс болуына орай Ғылыми кітапхана «Медицина майталманы» атты көрме ұйыдастырылды.
Көрменің мақсаты ҚазҰМУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттеріне Әміреев Сәкен Әміреұлының еңбектерімен «Инфекциялық (паразиттік) аурулар», «Эпедимиология және вакцинация», «Бруцеллез проблемалары», «Қолданыстағы иммундау» таныстыру.
Кітапханаға келген оқырмандар, профессордың жасалған жұмыстармен қызыға танысты. Өйткені, қәзіргі таңда жаһандық пандемия кезіндегі өзекті ақпарат екенін білеміз. Фармация мектебінің оқытушысы Макашева Н.О. және ФӨТ 19-003-1К 3 курс студенттерімен профессордың жұмыстарымен танысып ойларын талқыладық.

Ұжымының атынан марқұм Сәкен Әміреұлының туыстары мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттерінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Ғылыми кітапхана