Оқу залдары мен абонементтері

1-5 курс абонементтері

Қызмет көрсету орындары: 1-курс студенттері Ғылыми кітапхананың 1-қабатында (жертөле қабат). 2-3-курс студенттері 2-қабатта (№230 каб.), 4-5-курс студенттері 3-қабат (№326 каб.). 1-3 курс студенттері үшін қазақ және орыс тіліндегі әдебиеттер 1 семестр уақытына немесе оқу жылына беріледі, 4-5 курс студенттеріне цикл бойынша беріледі. Күздік семестр аяқталғаннан кейін (келесі жылдың ақпанына дейін) студенттер әдебиеттерді пайдалану уақытын ұзарту керек, ал көктемгі семестрдің соңында (31-шілдеге дейін) барлық әдебиеттерді тапсыру керек.
Кітапханада Sirius бағдарламасы арқылы пайдаланушыларға автоматтандырылған қызмет көрсетілуде.
Жұмыс істеу уақыты: сағ. 0830 – 1800 дейін (жұмыс күндері), сенбі сағ. 0900 – 1700 дейін.
Демалыс күні – жексенбі.
Байланыс телефондары: 338-70-90, ішкі телефон 73-51 (2-3 курс абонементі)
Ішкі телефон 74-26 (4-5 курс абонементі)

Ғылыми абонемент

Ғылыми абонемент кітапхананың 3-қабатында (№330 каб.) орналасқан. Абонементте оқытушылар, стажерлер, интерндер, магистранттар, резиденттер, ғылыми қызметкерлер қызмет көрсетіледі. Оқырмандарға монография мен ғылыми кітаптар қазақ, орыс тілдерінде 1 ай уақыт көлемінде беріледі. Ғылыми абонемент қорын 2 345 кандидаттық және докторлық диссертациялар құрайды, 10 885-тен аса рефераттар, түрлі тақырыптарға арналған ғылыми-практикалық конференциялардың материалдар жиынтығынан тұрады.
Жұмыс істеу уақыты: сағ. 0830 – 1800 дейін (жұмыс күндері, тоқтаусыз), сенбі сағ. 0900 – 1700 дейін.
Демалыс күні – жексенбі.
Узбекова Сәуле Самединовна – бас кітапханашы.

Көркем және шетел әдебиеттер абонементі

Көркем және шетел әдебиеттер абонементі Ғылыми кітапхананың 4-қабатында орналасқан (№423 каб.). Көркем әдебиет қоры ұлттық және әлемдік классиктердің қазақ және орыс тілдеріндегі шығармаларынан тұрады. Кітаптар 1 ай уақыт мерзіміне беріледі, оқырмандардың қалауы бойынша ұзартылып отырады. Шет тілдеріндегі әдебиеттер қоры барлық курстар мен мамандықтардың студенттеріне арналған. 1-3 курс студенттері үшін әдебиеттер 1 семестр уақытына, 4-5 курс студенттері үшін цикл бойынша беріледі, қажет болған жағдайда мерзімді ұзартуға болады.
Жұмыс істеу уақыты: сағ. 0830 – 1800 дейін (жұмыс күндері, тоқтаусыз), сенбі сағ. 0900 – 1700 дейін.
Демалыс күні – жексенбі.
Кітапханашылар: Сабыркулова Гаухар Абдусаттаровна
Тоқтарбаева Ақбота Нуражиевна
Байланыс телефондары: 338-70-90, ішкі телефон – 73-64

№1 Ғылыми оқу залы

Ғылыми оқу залында (3-қабат, №318 каб.) оқытушылар, стажерлер, интерндер, магистранттар, резиденттер мен ғылыми қызметкерлерге қызмет көрсетіледі. Газеттер, журналдар, диссертациялар үйге берілмейді. Бір ғана дана басылымдарды түнгі абонемент арқылы ғана алуға болады: жеке куәлікті қалдыру арқылы сағ.1600 ден келесі күннің 0900 дейін.
Сондай-ақ, оқырман кітап қорынан қажетті оқу материалын жоғары жылдамдықтағы портативті сканерде сканерлейге мүмкіндіге бар.
Жұмыс істеу уақыты: сағ. 0830 – 1800 дейін (жұмыс күндері, тоқтаусыз), сенбі сағ. 0900 – 1700 дейін.
Демалыс күні – жексенбі.
Кітапханашы Биболова Мадина Карловна.

№2 Оқу залы

№2 оқу залы Ғылыми кітапхананың 2-қабатында (№221 каб.) ашық кітап қорымен ғылыми және оқу әдебиеттерді гуманитарлық және медициналық оқулықтарды ұсынады. Соныме қатар қазақ, орыс және шет тіодеріндегі анықтамалық әдебиеттер бар.
Оқу залының кітап қоарында оқырмандарға арналған жылдамдығы жоғары портативті сканер орнатылған, оқырман қажетті материалын сканерлуге арналған.
Жұмыс істеу уақыты: сағ. 0830 – 1800 дейін (жұмыс күндері, тоқтаусыз), сенбі сағ. 0900 – 1700 дейін.
Демалыс күні – жексенбі.
Кітапханашы Атабаева Жұлдызай Сериковна.

№3 Мерзімді басылымдардың оқу залы

Бірінші қабатта мерзімді басылымдардың оқу залы орналасқан, қорда 150-ден астам қазақстандық және ресейлік газет журналдың атауы бар. Кітапхана қорында газеттер соңғы 3 жылдықта, әдеби-гуманитарлық журналдар соңғы 5 жылдығы сақталынады. Университеттің мамандырылған, медицина журналдары шексіз сақталынады.
Жұмыс істеу уақыты: сағ. 0830 – 1800 дейін (жұмыс күндері, тоқтаусыз), сенбі сағ. 0900 – 1700 дейін.
Демалыс күні – жексенбі.

Поисковые слова: