Жаңалықтар!

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің даңқ залында «Ақанов оқулары: отандық және қоғамдық денсаулық сақтау медицинасы үшін қосқан мұрасы» тақырыбында Көрнекті ғалым, танымал қазақстандық денсаулық сақтау ісінің саясаткері, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры (2008-2016), медицина ғылымдарының докторы, профессор Ақанов Айқан Ақанұлының 70 жылдығына арналған жас ғалымдар мен оқытушылардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Осыған орай Ғылыми кітапхана «Медицина майталманы» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге Университет тарихы, Ақанов Айқан Ақанұлының оқулықтар мен еңбектері, баспасөз бетіне жарияланған мақалалары және естелік суреттері қойылды.

Ғылыми кітапхана