Пән кітапханашысы

Пән кітапханашысынан сұра
Ғылыми кітапханада пән кітапханашылар тобы құралған және жұмыс істейді.
Пән кітапханашысы – бұл белгілі бір білім саласына мамандандырылған, тәжірибелі кітапханашы. Пән кітапханашысының басты мақсаты ҚазҰМУ-нің профессор-оқытушы құрамының оқу-тәрбиелік және ғылыми-зерттеу қызметтеріне ақпараттық қолдау көрсетіп және кітапхана ресурстары мен қызметтерін насихаттау. Пән кітапханашысы өзі мамандандырылған сала бойынша кітапхана қорын сақтауға және дамытуға, кафедралар мен мектептер арасында б айланыс орнатуға жауапты. Қойылған тарсырмалардың орындалуы үшін пән кітапханашылары мынадай жұмыстар өткізеді:
• Мүмкіндігінше кафедралар мәжілістеріне және мектептердің басқа ресми және бейресми іс-шараларына қатысады.
• Жаңа оқу және ғылыми әдебиеттерді алуға кафедралардан өтініштер қабылдайды.
• Кітапханада Кафедра Күні, Ақпараттар Күні, Мектептер Күні және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
• Ғылыми басылымдарды безендіру бойынша консультациялық қызметтер көосетеді.
• Профессор-оқытушы құрамы мен оқырмандар арасында ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырады.

Құрметті оқытушылар! Егер кітапхана қорлары мен қызметтерін пайдалану туралы сұрақтар туса, сондай-ақ кітапханамен ынтымақтастық туралы ұсыныстарыңыз болса, Сіз өзініңдің мектебіңіздің пән кітапханашысына жүгіне аласыз.