Scopus

Scopus – ғылыми журналдарда жарияланған мақалалардың дәйексөздерін қадағалауға арналған әлемдегі ең үлкен библиографиялық мәліметтер базасының бірі. Scopus 500 баспагерлер ұсынған әр түрлі ғылым саласындағы 21000-ға жуық ғылыми жарияланымдарды индекстейді. Осы мәліметтер базасында орналасқан материалдар арасында тек ғылыми журналдар ғана емес, сонымен қатар конференция материалдары және сериялы кітаптардың басылымдары бар. Scopus Elsevier корпорациясына тиесілі. Деректер қоры веб-интерфейс арқылы алдын ала ақылы жазылым болған жағдайда ғана  қол жетімді. 1996 жылдан кейін шыққан барлық ғылыми мақалалар  библиографиялық тізімдер мен бірге жарияланған мақалалармен индекстеледі. Дәйексөз осы тізімдерді талдау негізінде автоматты түрде есептеледі. Автордың профилі туралы ерекше атап өту керек. Профильде автордың аты-жөні, оның жұмыс орнының  барлық жері, соңғы жұмыс орнын қоса, жылдар бойынша бөлінген басылымдар саны, ғылыми зерттеулер саласы, қосалқы авторларға сілтемелер, Хирш индексі, дәйексөздердің жалпы саны көрсетілген. Оқырман (оқытушы, студент) қол жетімділік  үшін Университет Серверіне қосылған кез-келген компьютерден тіркелуі керек. Тіркеуден кейін оқырман  ресурсты кез-келген жерден өзінің логин,  парольі арқылы пайдалануға мүмкіндік алады. Осы пайдаланушы аты мен құпия сөзді пайдаланып, сіз Sciencedirect-ке кіре аласыз. Қайта авторизация жасау қажет емес.
www.scopus.com

Ресурсын қалай пайдалануға болады

Поисковые слова: