Жаңалықтар!

 

15 қазан – кітапханашылар күні! Кітапхана – ғылым отаны,  білім мен ғылым ордасы. Кітапханашы күні — бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы — кітаптарды қамқорлыққа алады. Кітапсыз біз оқып, әлемді және өзімізді танып, дамып, ғылым мен өнердің жаңа шыңдарына қол жеткізе алмаушы едік. Оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік.
Ғылыми кітапханамызда мерекеге орай «Кітапхана білім лабораториясы» тақырыбында көрме қойылды. Көрмеден ғылыми кітапхананың тарихы жайлы мәліметтер, мерзімді басылымдар бетінен жарық көрген мақалалар, кітапхана ұжымының фотосуреттері мен нақыл сөздер орын алды.

Ғылыми кітапхананың
Анықтама-библиография бөлімі