Жаңалықтар!

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында м.ғ.к., доцент, жоғарғы дәрежелі хирург, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, Ауған соғысының ардагері, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің құрметті ардагері Бердавлетов Бахитжан Абдрашитұлымен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – нің Т.Шарманов Даңқ Залында кездесу өтті.
Ғылыми кітапхана осы орайда «Ғибратты ғұмыр, өнегелі өмір» атты тақырыбында көрме қойды. Көрмеден Бахитжан Абдрашитұлының еңбектері: диссертация, автореферат, қазақша және орысша кітаптарын, бұқаралық ақпарат құралдары бетінен жарық көрген мақалаларын, естелік суреттерін, көре аласыздар.
Жастар саясаты басқармасы, Жалпы медицина — 2 мектебі студенттерінің ұйымдастырылуымен өткен осы кездесуді пайдалана отырып, кеш соңында Бахитжан Абдрашитұлы студенттерге өзінің «Преодоление» кітабын сыйға тарту етті.

Ғылыми кітапхана, анықтама – библиография бөлімі.