Кітапханашыдан сұра

Кітапханаға қалай жазылуға болады

Кітапаханаға  жазылу үшін профессор-оқытушылар құрамы, университетіміздің қызметкерлеріне жұмыс орнынан анықтама, жеке куәлігі, 3*4 фотосуреті керек және тіркеу картасына өзінің  деректерін жазады.

Оқырман залында әдебиетті қалай алуға болады

Оқырман залында орналасқан басылымдар үйге берідмейді. Оқырман залында оқу әдебиетін, журналдар мен газеттерді, монография және т.б.  уақытша пайдалануға тапсырыс беруге болады. Әдебиеттерді алғаннан кейін қол қоясыз. Оқу залынан шығар алдында оқырман барлық оқулықтарын тарсыруға міндетті.

Оқу абнементінен қанша кітап алуға болады

Абонементте  берілетін оқулық  саны шектелмейді. Оқулықтар мектеп студенттерінің кестесіне сейкес  (1-3 курс) бір семестрге, (4-5 курс) студенттеріне цикл бойынша беріледі. Оқу жылының соңында барлық оқулықтарды тапсыру керек..

Шағын даналар оқулықтарды қалай алуға болады

Шағын дана оқулықтарды оқу залында пайдалануға немесе PDF форматында сканерленген нұсқасын пайдалануға болады. Кітапханада сонымен қатар түнгі абонемент жұмыс жасайды, мұнда жеке куәлігіңізді кепілге қалдырып, жалғыз дана кітапты үйіңізге бугінгі күннің сағат 1600  -ден келесі куннің сағат 900 дейін алуға болады. II этаж № 230 каб; III этаж №330 каб.

Оқырмандар жоғалтып алған кітаптарды қалай қалпына келтіруге болады

Кітаптар жоғалған неме оқулыққа тіркелген штрих-код бүлінген жағдайда , мазмұны бойынша сәйкес келетін соңғы екі жылдықта шыққан кітап қабылданада немесе курстың жетіспейтін оқулығымен алмастырылады. Кітап жоғалған жағдайда оқырман, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі немесе бас кітапханашыға жолығуы керек. 2-қабат №230 кабинет, 3-қабат №330 кабинет.

Кету парағын рәсімдеу тәртібі.

Барлық мектептердің бітіруші-студенттері кетер алдында барлық кітаптарын өткізулері керек. Кету парағын рәсімдеу  үшін ғылыми абонемент  (3-қабат №330кабинет) мөр басу қажет. Профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері кету парағын рәсімдеу үшін ғылыми абонемент (3-қабат №330 кабинет) пен  көркем  және  шетел әдебиеттер абонементіне  (4-қабат №423 кабинет) мөр қойдыру керек.

Аударма курс студенттеріне мынадай мөр қойдыру қажет:

  1. № 2 оқу залы (2-қабат, №221 кабинет)
  2. № 1 ғылыми оқу залы (3-қабат, №330 кабинет)
  3. Көркем әдебиет абонементі (4-қабат, №423 кабинет)
  4. Өзінің курсына сәйкесінше абонемент.